Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция қызметкерлері үшін гарнизондық жиын өтті

Шымкентте полиция қызметкерлері үшін гарнизондық жиын өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбековтың бастамасымен “Наурыз” алаңында арнайы гарнизондық қызметке тарату жиыны өтті.

Департаменттің жеке құрамы мен аудандық басқарма басшылары және қызметкерлері белгіленген орынға жиналып, сап түзеді. Мемлекеттік әнұранды шырқап, саптық байқаудың элементтерін бұлжытпай орындады.

Гарнизондық қызметке тарату жиынына миллионды қала – Шымкенттің тәулік ішіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуші мыңға жуық полицей қатысты. Оның ішінде бес аудандық басқарма және оның басшылары, ЖПҚБ патрульдік полиция полкі, учаскелік полиция инспекторлары мен Күзет басқармасының, Ұлттық Ұланның және Жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен кинологияның қызметкерлері бар. Ауқымы кең іс-шараға қызметтік автокөліктер де жұмылдырылды.

Саптық байқаудың әрбір элементін тиянақты орындай жүріп өткен тәртіп сақшылары өздерінің қызметтеріне даяр әрі қырағы екендіктерін көрсете білді.

“Заң және тәртіп” қағидатына сәйкес, “Жасөспірім”, “Қауіпсіз жол”, “Таза Қазақстан” іс шаралары туралы жеткізді. 50-ге жуық еріктілер қатысты. Үздік қызметкерлер марапатталды. Гарнизондық қызметке тарату жиыны салтанатты саптық жүріспен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру