Шымкентте полиция SIM-box арқылы жасалған заңсыз әрекеттерді анықтады
Шымкентте виртуалды нөмірлерді қолдану арқылы жасалған қылмыстық схема тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция прокуратураның үйлестіруімен және ҰҚКД-мен бірлесіп, "Қазақтелеком" АҚ-мен меморандум шеңберінде жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде SIM-box арқылы жасалған заңсыз әрекеттерді анықтап, жолын кесті. Виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған құрылғы арқылы ел аумағында алаяқтық жайттары жүзеге асырылған.
Екі жалдамалы пәтерді тексеру барысында 32 арналы екі SIM-box құрылғысы мен өзге де жабдықтар табылып, тәркіленді.
Заңсыз схеманың үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен күдікті ұсталды. Қаскөй мессенджер арқылы алған нұсқауларға сәйкес әрекет еткені анықталды.