Шымкентте қалтасында есірткі алып жүрген тұрғын құрықталды
Шымкентте қалтасында есірткі алып жүрген тұрғын құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 желтоқсанда таңғы сағат 04:00 шамасында Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта патрульдеу кезінде күдік тудырған азаматты байқады.
Тексеру барысында ер адамның қалтасынан полиэтилен пакетіне салынған ақ түсті ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас зат анықталып, тәркіленіп алынды.
Қазіргі таңда 25 жастағы азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.