Шымкентте қарсы бағытқа шыққан жүргізушілер жауапқа тартылды
Шымкентте қарсы бағытқа шыққан жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала аумағындағы бейнебақылау камералары арқылы қарсы бағытқа шығып, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер дер кезінде анықталды. Жедел әрекет ету нәтижесінде құқық бұзушылар ұсталып, оларға қатысты тиісті шаралар қабылданды.
Қарсы бағытқа шығу – жол-көлік оқиғаларына әкелетін ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Мұндай әрекет өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өміріне тікелей қауіп төндіреді.
Аталған құқық бұзушылық үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айыру көзделген.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өз өміріңіз бен өзгенің қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз.
