Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қауіпті пиротехникалық бұйымдар партиясы тәркіленді

Шымкентте қауіпті пиротехникалық бұйымдар партиясы тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері пиротехникалық өнімдерді заңсыз сақтау және сату фактісін анықтады. Тексеру барысында сатуға арналған сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдар сақталған қойма табылып, қауіпті өнімдер белгіленген тәртіппен тәркіленді. Аталған дерек бойынша құқық бұзушы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы мегаполис аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ мереке күндері қауіпті, сапасыз және сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың сатылуына және қолданылуына жол бермеу мақсатында жүргізілуде.

Іс-шара барысында пиротехникалық өнімдердің заңсыз айналымына қатысты 105 құқық бұзушылық анықталды.

Полиция азаматтарға сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды қолдану адамның өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру