Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қонақтарға қор-қор ұсынған мейрамхана анықталды

Шымкентте қонақтарға қор-қор ұсынған мейрамхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері мен арнайы мобильдік топ өкілдері рейдтік іс-шара жүргізді.

Іс-шара барысында Шымкент қаласында орналасқан «Мята» мейрамханасының келушілері қор-қор тұтынған.

Қоғамдық орындарда қор-қор тұтынуға тыйым салудың бұзылу деректері мен Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігерінің №7 қаулысының ережелерін бірнеше рет сақтамауы анықталуына байланысты нысан әкімшісінен түсініктеме алынып, іс-құжаттар аудандық Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тиісті шара көру үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру