Шымкентте қоқыс жәшіктерін сындырғандар жауапқа тартылды
Шымкентте қоқыс жәшігін сындырғандар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерде қаладағы аллеялардың бірінде қоқыс жәшіктерін сындырып жатқан екі жас жігіттің бейнежазбасы тарады.
Полиция қызметкерлері қабылданған шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылардың жеке басын анықтады. Олар 21 жастағы қала тұрғыны және Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ер азаматтарға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Заңнамаға сәйкес олардың әрқайсысына 50 АЕК (184 600 теңге) айыппұл салынды.
Полиция құқық бұзушылық жасағандар міндетті түрде жауапқа тартылатынын еске салады және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.