Шымкентте «Қорғау» бағдарламасы арқылы 2,8 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
Шымкентте «Қорғау» бағдарламасы арқылы 2,8 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік туралы дабыл алды. Ақпаратты полицияның планшетіне орнатылған «Қорғау» бағдарламасы берді.
Toyota Camry көлігінің иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 2,8 млн теңге қарызы бар екені анықталды.
Патрульдік полицейлер көлікті Жандосов көшесінде тоқтатты. Қарызынан жалтарған жүргізушіге төленетін төлемдер туралы ескертілді. Көлік айып тұраққа қойылды. Қала тұрғыны қарыздарын толық өтегеннен кейін ғана көлік құралын ала алады.