Шымкентте «Қорғау» қосымшасымен 8 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
Шымкентте «Қорғау» қосымшасымен 8 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала көшелерін патрульдеу кезінде №733 автоэкипаж инспекторлары әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар көлік иесін тоқтатты.
Тәртіп сақшылары заң бұзушының басқаруындағы Toyota Land Cruiser туралы сигналды қызметтік планшетте орнатылған «Қорғау» бағдарламасы арқылы алды. Жүргізуші бұған дейін бірнеше рет жол ережесін бұзып, 200 мың теңгеге жуық айыппұл арқалап, төлеуден жалтарып жүрген.
Полицейлер көлікті Бердіқожа батыр көшесінде тоқтатты. Ер адамның атқарушылық іс жүргізу бойынша да 8 млн теңге қарызы бар екені белгілі болды.
Қарызынан жалтарған жүргізушіге төленетін төлемдер туралы ескертілді. Көлік “Арғымақ” айып тұрағына қойылды. Қала тұрғыны қарыздарын толық өтегеннен кейін ғана автокөлігін ала алады.