Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте құқық қорғау, медицина және фармацевтика өкілдерінің қатысуымен ауқымды жиын өтті

Шымкентте ​Қазақстан Республикасы ІІМ басшылығының нұсқауына сәйкес прекурсорлар мен дәрілік заттардың заңды айналымы саласындағы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құқық қорғау, медицина және фармацевтикалық қызметтердің қатысуымен ауқымды жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, қала прокуратурасының қызметкерлері, мемлекеттік және жеке медициналық мекемелердің бірінші басшылары, фармацевтикалық компания өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша баяндама жасаған полиция қызметкерлері елімізде 2024 жылы прекурсорлар мен дәрілік заттардың заңды айналымы саласында анықталған бұзушылықтарды атап өтіп, оларға себеп болған жағдайлар және олардың салдарымен таныстырды.

Баяндамашылар дәрілік заттардың рецептісіз босатылуына қатысты мәселені талқылап, қабылданған шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ осы саладағы жаңалықтар мен заңнамалық өзгерістер туралы жеткізіп, қолданыстағы бұйрықтар мен нұсқау талаптарын басшылыққа алып, жұмыс істеу қажеттілігіне тоқталды. ​Қатысушылар өз кезегінде атаған ескертулерді назарға алып, заң талаптарын ұстана отырып жұмыс жүргізетіндерін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру