Шымкентте «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Шымкентте «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен осы жылдың 12 желтоқсанынан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды өтіп жатыр. Мақсаты – қала аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.
Осы ретте, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 2 тәулігінде 2301 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, есірткі затын тасымалдау және сақтау бойынша 8 дерек тіркелді.
Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық жасаған – 342, қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен 258 тұлғаға хаттама толтырылды. Тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша – 630, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған – 39, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 25, көлік құралын мас күйде басқарған 7 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы 15 желтоқсанға дейін жалғасады.