Шымкентте қызметтік иттің көмегімен ұры ұсталды
2021 жылдың 15 шілдесінде Шымкент ҚПД Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші арызында белгісіз біреу оның Шымкент қаласындағы құрылысы аяқталмаған үйінен құны 260 000 теңге тұратын электр жарығына арналған генераторын ұрлағанын көрсеткен.
Қаратау АПБ криминалды полиция қызметкерлері Кинология қызмет орталығының «Альфа» лақап атты қызметтік итімен жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық жайтына күдікті жергілікті тұрғынды анықтады. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.