Шымкентте қызметтік иттің көмегімен ұры ұсталды
Шымкентте қызметтік иттің көмегімен ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу үйіне терезе арқылы заңсыз кіріп, 300 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Шымкент ҚПД Кинология қызмет орталығының “Грей” лақап атты қызметтік иттің көмегімен ұрлық жасаған адамды анықтап, тиісті басқармаға жеткізді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.