Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте республикалық “Бақытты отбасы – бақытты ел” акциясы басталды

Шымкентте республикалық “Бақытты отбасы – бақытты ел” акциясы басталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы ПД-ның жергілікті полиция қызметі басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп осы жылдың 27-тамыз және 10-қыркүйек аралығында республикалық "Бақытты отбасы - бақытты ел!" акциясын өткізуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарды алдын-алу, жұртшылықтың, атқарушы және заң шығарушы биліктің назарын зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсету, сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандыру, сондай-ақ, халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру