Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте шектеулерге қарамастан мейрамханада туған күн тойлағандар анықталды

Шымкентте шектеулерге қарамастан мейрамханада туған күн тойлағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы ПБ-ның қызметкерлері күнделікті карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде.

2021 жылдың 3 маусымында сағат 15:20-да Сайрам көшесі №166 үйде орналасқан «Гранд Хадиша» мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, 50-ден астам адам жинап, туған күн тойлағандар анықталды. Сондай-ақ қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені толық тақпай қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын ескермей жұмысын жалғастырған кафе әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру