Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте соңғы бір айда 30 жол апаты тіркелді

Шымкентте соңғы бір айда 30 жол апаты тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент полицейлері құқықтық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Алайда ережеге бағынбайтын жол-көлік оқиғасының себепкерлері азаймай тұр.

Мәселен, шаһарымызда соңғы 1 ай көлемінде 30 жол апаты тіркелді. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 38 тұлға түрлі дене жарақатын алған. Жол көлік оқиғасының негізгі себептері – жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуы, көлікті мас халде басқаруы, ара қашықтықты сақтамау, қарсы бағытқа шығу.

Шымкенттік тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға шақырады. Көлік тізгіндеуші өзінің амандығымен қатар, өзгелердің де саулығын ойлауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру