Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте сотталғандарға нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкентте сотталғандарға нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы полиция департаменті мен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушілерге есірткі және нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

​Кезекті профилактикалық шаралар №53 және 78 мекеме аумақтарында өтті. Шара мекемелерде жазасын өтеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды есірткінің зиянды әсерінен қорғау және қайталама қылмыстардың алдын алу бағытында ұйымдастырылды.

​Атап өту қажет, жазасын өтеушілердің бір бөлігі жақын күндері рақымшылық бойынша қабылданған нормативтік-құқықтық акт негізінде бостандыққа шығады және екінші бөлігінің жазасын өтеудің беліленген мерзімі аталған құжатпен қысқартылған. ​Бұл профилактикалық шаралар олардың қоғамға қайта бейімделуіне, теріс әрекеттерге қайта баруын төмендетуге, құқықтық мәдениетін және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға оң ықпал етеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру