Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте танысының пәтерінен телефон мен ақша жымқырған қыз ұсталды

Шымкентте танысының пәтерінен телефон мен ақша жымқырған қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, үйіне қонаққа келген танысы сөреде тұрған 50 мың теңгесін және құны 68 мың теңгені құрайтын Samsung телефонын жасырын түрде иемденіп, «ізін суытқан». Келтірілген шығын көлемі 118 мың теңгені құрады.

Ұрыны ұстау мақсатында Қаратау АПБ-ның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алды.

Тыңғылықты жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, ұрлық жасаған қызды полицейлер қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Ол 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру