Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте телефон ұрысы қолға түсті

Шымкентте телефон ұрысы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 5 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу «Лото клуб» ғимаратының екінші қабатында стол үстінде тұрған 130 000 теңгенің «ОРРО А91» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №22 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру