Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрғын алтын аламын деп, ақшасынан айрылды

Шымкентте тұрғын алтын аламын деп, ақшасынан айрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 5 сәуірінде Қаратау аудандық Полиция басқармасының «102» арнасына жергілікті жердің 43 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, 2020 жылдың тамыз айында, өзіне аты-жөні толық белгісіз азаматша, бірге алтын сату, сатып алумен айналысып, бизнес жасаймыз деп сеніміне кіріп, алтын алу үшін 5,5 миллион теңге ақшасын алып, алтын алып келіп бермей және ақшасын да қайтарып бермей жүргенін көрсеткен.

Қаратау аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 39 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру