Шымкентте тұрғындар карантин шектеулерін бұзып, дәмханада туған күн өткізді
Шымкентте тұрғындар карантин шектеулерін бұзып, дәмханада туған күн өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 16 маусымында сағат 00:05-те Адырбеков көшесі №26 үйде орналасқан «Душевная кухня» кафесі карантиндік шектеулерді бұзып, туған күн өткізіп жатқанын анықтады. Сондай-ақ қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені толық тақпай қызмет көрсеткен.
Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған кафе иесінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.