Шымкентте тұрғынды қауіп-қатерден сақтаған учаскелік полицей марапатталды
Шымкентте учаскелік полицей тұрғынды қауіп-қатерден сақтап қалды. Әйелдің өтініші бойынша полиция департаментінің бастығы Думан Таев тәртіп сақшысын марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкентте учаскелік инспектор өзіне бекітілген аумақтағы азаматтармен профилактикалық жұмыстарын жүргізу барысында тұрғынның уайымына бей-жай қарамады.
Шымкент қаласының тұрғыны өзінің азаматтық некедегі жұбайының қол қөтеріп, балағат сөздер айтып, қауіп төндіріп жүргені жөнінде Әл-Фараби аудандық учаскелік инспекторға айтқан.
– Учаскелік инспектордың жедел және үйлесімді жұмысының мен аманмын. Дәл осындай жұмыс нәтижелерінен кейін, өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындап, антқа адал және біздің Отанымыз, азаматтарға қиын жағдайда көмекке келетін полиция қызметкерлерінің арқасында Қазақстан полициясының оң имиджі қалыптасады, – дейді азаматша.
Әйелдің өтініші бойынша полиция департаментінің бастығы Думан Таев жергілікті тұрғынды қатыгез жұбайынан құтқарған Марлен Ауелов алғыс хатпен марапаттады.