Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрғыннан 10 млн теңге бопсалаған екі азамат 5 жылға сотталды

Шымкентте тұрғыннан 10 млн теңге бопсалаған екі азамат 5 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғынның арызы негізінде полиция қызметкерлері қорқыту арқылы ақша талап еткен екі азаматты жедел анықтап, қамауға алды. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің үйінен қаруға ұқсас екі зат пен төрт патрон тәркіленді.

Жүргізілген тергеу әрекеттері нәтижесінде бопсалау арқылы алынған Mercedes-Benz автокөлігі мен 300 мың теңге иесіне қайтарылды.

Сот шешімімен құқық бұзушыларға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Полиция ескертеді: бопсалау — қылмыс. Азаматтардан ақша немесе мүлікті қорқыту арқылы талап ету заңмен жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру