Шымкентте тұрғынның 1,2 миллион теңгесін иемденіп кеткен алаяқ анықталды
Шымкентте тұрғынның 1,2 миллион теңгесін иемденіп кеткен алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 30 мамырында Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ-ның «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты тұрғын үй шаруашылығы басқармасымен берілетін пәтерлерді алуға көмек беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 1 200 000 теңге ақшасын алып, осы күнге дейін берген уәдесін орындамай немесе алған ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.