Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте үй ауласынан қой ұрламақ болған ер адам ұсталды

Шымкентте үй ауласынан қой ұрламақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз тұлға таңғы сағат 07:00 шамасында үйінің ашық қалған есігі арқылы заңсыз кіріп, қорасынан қойын ұрлауға тырысқан. Ұрлықтың үстінен түскен тұрғын бірден ұрыға ұмтылып, полицияның 102 арнасына жүгінген.

Хабарды алған тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Ұсталған азаматтың жеке басын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, тергеу барысында анықталғандай, ұсталған азамат бұрын осы мал ұрлығы бойынша сотты болған. Қазіргі таңда ер адам уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Айта кететін ақпарат, 1 наурыздан бастап қала аумағында республикалық «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) 4 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру