Шымкентте ұрлық жайты бейнебақылау камералары арқылы ашылды
Шымкентте ұрлық жайты бейнебақылау камералары арқылы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 28 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу үйінің ауласында тұрған екі дана су айдайтын моторын ұрлап кеткендігін көрсеткен. Келтірілген шығын мөлшері 300 000 теңгені құрайды..
Шымкент ҚПД Қаратау АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, жеткізді. Аталған жайт Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.