Шымкентте ұрлық жасаған күдікті азамат қолға түсті
Шымкентте ұрлық жасаған күдікті азамат қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұрлық тапа-тал түсте ерлер киімі дүкенінде болған. Ер адам сауда орнына сатып алушы кейпінде кіріп, шығып бара жатқанда кіре берісте тұрған еден жууға арналған техниканы ұрлап кеткен.
Дүкен қызметкерлері 100 мың теңге материалдық шығын келгенін жеткізді.
Тәртіп сақшылары дереу жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Күдіктінің жеке басын анықтауға бейнебақылау камералары көмектесті. Ал көшедегі камералар арқылы полиция оның алған бағытын анықтады. Ер адам бір сағаттың ішінде тұрғылықты жерінде ұсталды.
Ол ұрланған затты сатып, одан түскен ақшаны ішімдікке жұмсамақ болғаны белгілі болды. Ұрланған иесіне қайтарылды.
Бөтеннің мүлкін ұрлау жайтын Тұран аудандық полиция басқармасының анықтаушылары тергеп жатыр.