Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте үздік тәртіп сақшысы марапатталды

Шымкентте Жастар ресурстық орталығында қаланың дамуына үлес қосқан және түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жастардың үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Салтанатты жиында қаламыздың ең белсенді жастары әртүрлі номинация бойынша марапатталды. Солардың қатарында Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков те бар.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрестегі жоғары жетістіктері үшін Бауыржан Қанатұлы «Үздік жас полиция қызметкері» номинациясына ие болды, бұл оның жоғары кәсібилігі мен жұмысқа деген адалдығының дәлелі.

Бауыржан Қанатұлы Ішкі істер органдарында 2009 жылдан бастап қызмет атқарады. Одан бөлек, полиция майоры 2020 жылы Ішкі істер министрінің «Үздік» омырау белгісі, 2023 жылы Ішкі істер министрінің «Құрмет грамотасының» иегері, Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының, қала прокуратурасы мен әкімдігінің бірқатар алғыс хаттарымен марапатталған.

Бұл жетістік оның жеке қасиеттері мен еңбекқорлығын ғана емес, сонымен қатар Шымкент полициясына берген баға болып есептеледі. Мұндай марапат жұмыстың сапасын жақсартуға ықпал етеді, сондай-ақ басқа әріптестер үшін үлгі болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру