Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз сауда орындарын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді

Шымкентте заңсыз сауда орындары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының аумағында сауда жасау үшін белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасаушыларды анықтау бойынша  рейдтік іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып тұрады.

Абай ауданы Полиция басқармасы мен әкімдік қызметкерлері аудан аумағындағы белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларға кезекті бақылау жұмыстарын жүргізді. Рейдтік іс-шара барысында Әл-Фараби көшесі бойында шаһар көркін бұзатын сауда орындары анықталды.

Белгіленбеген сауда орындарында  заңсыз сауда жасаушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керек екені ескертілді.

Жалпы жыл басынан бері Абай ауданы бойынша белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасаушыларға 298 635 теңге айыппұл салынған. 675 хаттама толтырылып, 632 ескерту берілген.

Жауап қалдыру