Шымкентте заңсыз суық қаруды алып жүрудің 11 жайты анықталды
Шымкентте “Қару” іс-шарасы барысында заңсыз суық қаруды алып жүрудің 11 жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қазан мен 4 қараша аралығында Шымкент қаласында “Қару” жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр.
Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін 4797 қару иелері және 49 күзет агенттігі тексерілді. 76 құқық бұзушылық анықталды. 13 қару және 1 оқ дәрі тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Заңсыз айналымнан отты атыс қаруды, оның оқ-дәрілерін және суық қаруды алып жүрудің 11 жайты анықталды.