Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жалған адвокат тұрғыннан 7 млн теңге жымқырған

Шымкентте жалған адвокат тұрғыннан 7 млн теңге жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтық фактісін тергеу амалдары өзін адвокат ретінде таныстырып, бұрынғы күйеуінен баланы асырауға алимент өндіріп беремін деп уәде еткен ер адам туралы жергілікті тұрғынның арызынан басталды.

Қаскүнем өз “қызметін” 7 миллион теңгеге бағалаған. Оған сенген азаматша ақысын төлеп, есесіне ешқандай заң көмегін алмаған. Ал қомақты қаржыны иеленген алаяқ байланысқа шығуды түбегейлі тоқтатқан.

Жедел уәкілдер іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру