Шымкентте жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген 16 жүргізуші анықталды
Шымкентте жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген 16 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік құралын басқарған 16 жүргізушіні анықтады.
Барлық жайттар бойынша құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-тармағы (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Тәртіп сақшылары осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды көздейтінін ескертуде.