Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген жүргізушілер анықталды

Шымкентте жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылдың жеті айында жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік құралын басқарғаны үшін 15 жүргізушіні анықтады. 

Барлық жайттар бойынша құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-тармағы (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкенттік полицейлер жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік құралын басқару жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру