Шымкентте “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды
Шымкентте жас полицейлердің “Жас сақшы” сыныбы ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Шымкент қаласында А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектепте ерекше сыныптың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Тоғызыншы сынып оқушылары кадеттер қатарына қабылданды, олар «Жас сақшы» деп аталатын жас полицейлер сыныбының оқушылары болды. Мұндай сыныпты құрудың мақсаты — балалардың әскери-патриоттық тәрбиесі мен кәсіби бағдарын нығайту, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға көмектесу болды.
Іс-шараны Шымкент ҚПД бастығының орынбасары Мәулен Ахметов ашып берді. Ашылау салтанатына оқушылардың ата-аналары мен мектеп ұжымы қатысты.
Кадеттер үшін полицейлердің үлгісі бойынша нысанды киім әзірленіп, тігілгенін атап өткен жөн. Сынып бөлмесі арнайы стендтермен және жабдықтармен жабдықталған.
Балалар болашақта құқықтық тәртіпті сақтауда елдің лайықты азаматтары болатынына сенімдіміз, өйткені олар қазірдің өзінде дұрыс жолда.