Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жігітімен ұрысып қалған қыз көпірден секірмек болды

Шымкенттік полицейлер көпірден секіріп, өмірімен қош айтыспақ болған қызды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қарашада сағат 17:00 шамасында полицияға «102» арнасы арқылы Темірлан тас жолы бойындағы көпірде бойжеткеннің өз-өзіне қол жұмсап, секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кезекші бөлімнің инспекторы осы уақытта аталған аумақты патрульдеп жүрген полиция қызметкерлерін хабардар етті.

Жедел әрекет етіп, оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы ПД патрульдік полиция полкінің 10-рота қызмет инспекторлары Марат Исаханов пен Абылайхан Абенов көпірдің жақтауында тұрған қызды көрді. Полиция қызметкерлері қыздың назарын аудару үшін онымен сөйлесе бастады. Осы сәтте полицейлер қызды ұстап, қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

Ары қарай тәртіп сақшылары жедел жәрдем көмегін шақырды.Бойжеткенмен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Тексеру барысында оның бұл қадамға баруына жігітімен ұрысып қалғаны себеп болғаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру