Шымкентте анасы жоғалған қызын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді
Шымкентте 13 жастағы қыз аман-есен табылып, туыстарына табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 29 наурызында Қаратау аудандық Полиция басқармасына 37 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 13 жастағы қызының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасы ювеналдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында кешкі 21.30-да үйінен шығып кеткен қызды түнгі 02.30 шамасында тауып, аман-есен ата-анасына табыстады.
Өз кезегінде жасөспірімнің ата-анасы қызының табылғанына қуанып, тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.