Шымкентте жол ережесін бұзған бейнежазбаның кейіпкерлері жазаланды
Шымкентте жол ережесін бұзған бейнежазбаның кейіпкерлері жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде қалалық полиция департаментінің қызметкерлері бірнеше шетелдік көліктердің қатысуымен жолдағы «дойбы ойыны» түсірілген бейнежазбаны анықтады.
Көлік жүргізушілері қозғалыс кезінде бірнеше рет жолақты ауыстырып, қауіпсіз қашықтықты сақтамай, бір-бірін басып озып, төтенше жағдай туғызған.
Тізгіндеушілердің орынсыз қылығына ашуланған өзге де жол қозғалысына қатысушылар не болып жатқанын видеоға түсіріп алған.
Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қабылданған шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылар анықталды.
Жол ережесін өрескел бұзған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы және 606-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.