Шымкентте жол ережесін бұзған жүргізушіден қару тәркіленді
Шымкентте жол ережесін бұзған көлік жүргізушісінен қару-жарақ тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған жайт Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қызмет атқару барысында орын алған.
Полицейлер қауіпсіздік белдігін тақпай, көлік басқарған жүргізушіні тоқтатып, тізгіндеушіге жасаған құқық бұзушылығы жайында ескертіп, жеке куәлігін талап еткен. Нәтижесінде, автокөлік салонынан құжаттарды алу кезінде қаруға ұқсас затты байқап, шұғыл түрде тәркілеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізушісі Әл-Фараби АПБ жеткізілді. Қазіргі таңда азаматтың қару-жарақты қандай мақсатта алып жүргені анықталып жатыр.