Шымкентте жол қозғалысы бойынша нұсқаулық кеңес өтті
Шымкентте полицейлер жол қозғалысы бойынша нұсқаулық кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жеке құрамның қызметтік тәртіп деңгейін арттыру мақсатында нұсқаулық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында басшылық жол-көлік жағдайына баға беріп, жол апаттарының себептері мен оларға ықпал ететін факторларды талдады. Сондай-ақ полицейлердің жол қозғалысы кезінде және азаматтармен қарым-қатынаста қызметтік тәртіпті сақтауы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бөлім басшыларына профилактикалық жұмысты күшейту, патрульдеу тиімділігін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қатаң бақылауға алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Мұндай шаралар полиция департаментінде тұрақты түрде өткізіліп келеді