Шымкентте жол үстінде төбелескен жүргізушілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Шымкентте жол үстінде төбелескен жүргізушілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Осы оқиғаға қатысты ПД бастығы пікір білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласындағы көшелердің бірінде автокөлік жүргізушілерінің арасында туындаған жанжалдың бейнежазбасы тарады. Бұл оқиға туралы қалалық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков түсініктеме берді.
Алмасбековтың айтуынша, жанжал салдарынан жүргізушілердің бірі дене жарақатын алған. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Алмасбеков азаматтардың қауіпсіздігін нығайту үшін Заңмен кез келген зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын еске салды.
Сондай-ақ полицей ешбір құқық бұзушылық жазасыз қалмайтынын атап өтті және қала тұрғындарын Заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.