Шымкентте ЖҚЕ бұзған мотокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды
Шымкентте ЖҚЕ бұзған мотокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қалада рұқсатсыз мотоцикл айдаған жүргізушіні анықтады.
Полиция қызметкерлері күдік тудырған, мемлекеттік нөмірі белгісіз мотоциклді тоқтатты. Анықталғандай, жүргізуші ешқандай құжатсыз, мотошлемді пайдалану қағидасын сақтамай жүрген. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.
Нәтижесінде, жол жүру ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы, 590-бабы және 593-бабы бойынша үш әкімшілік хаттама толтырылды.