Шымкентте жұмысшы қоймадан цистерна ұрлап кетті
Шымкенттік полицейлер цистерна ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда өзінің қоймасында тұрған жанармай сақтайтын цистернасын белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 50 000 теңгені құраған.
Аталған деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары жедел жетіп, жанармай цистернасын ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, көрген-білгендерден жауап алды, қойма мен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді.
Полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, ұрлық жасаған күдіктіні екі күнде ұстап, басқармаға жеткізді.
Ұсталған азамат сол қойманың жұмысшысы болып шықты. Қазіргі таңда ұсталған ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.