Шымкентте жүз ерікті полиция қызметімен танысты
Шымкентте жүз ерікті полиция қызметімен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін қалалық полиция департаментіне мегаполистің 100-ге жуық жас тұрғыны барды. “Полициядағы бір күн” іс-шарасы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-ның Шымкент қалалық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды. Еріктілер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.
Шара барысында жастар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылатын патрульдік полицейлердің таратуына қатысып, жедел басқару орталығы мен департамент мұражайында болды. Сонымен қатар киберқауіпсіздік туралы ақпараттар алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шара жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыруға, полиция қызметімен кеңірек танысуға, жастардың заңсыз әрекеттер үшін қарастырылған жауапкершіліктер туралы хабардарлығы мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.