Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" акциясы басталды

Шымкентте "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" акциясы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминогендік жағдайды тұрақтандыру, отбасы тұрмыстық қарым-қатынаста жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында 7-9 сәуір аралығында Шымкент қаласы аумағында "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" акциясы басталды. Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау ұйымдарының өкілдері, жұртшылықты және бұқаралық ақпарат құралдары тартылуда.

Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі 111 мемлекеттік жұмыс істейтін нөміріне хабаарласуыңызға болады, бұл жерде ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмекті тегін ала аласыздар.

Бұл акцияның басты мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру және көмекке мұқтаж жандарға нақты қолдау көрсету.

Акция аясында біз түрлі кездесулер, семинарлар, кеңес беру шараларын, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырамыз.

Полиция қызметкерлері заңгерлер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер тұрғындармен ашық тілдесіп, қажетті кеңестер мен көмек ұсынады. Қажет болған жағдайда заң шеңберінде шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру