Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттегі аты шулы іске қатысты күдіктілер ұсталды

Шымкентте болған атысқа қатысты үш күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 10 тамызында Қазиев көшесінде орналасқан “Гранд-Прага” мейрамханасында оқ атылған. Оқтан алынған жарақаттардан жәбірленушілердің бірі оқиға орнында қайтыс болып, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабы (Адам өлтіру) және ҚР ҚК 287-бабымен (Атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 12 тамызда қабылданған шаралармен Алматы қаласында үш күдікті ұсталып, Шымкент қаласының Полиция департаментіне жеткізілді.

14 тамызда Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотымен күдіктілерге қатысты “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру