Шымкенттегі түзеу мекемесіне ГАЗель жүргізушісі телефонды ағашқа жасырып кіргізбек болған
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне телефонды ағашқа жасырып кіргізбек болған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қыркүйек Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның жедел бөлімшесі және 55-мекеменің жедел бөлімі бірлескен жедел іс-шараларды ұйымдастырды.
Нәтижесінде, сол күні 55-мекемесінің автокөліктерді тінтіп-тексеру бекетінде мекеменің өндіріс аумағына бояу жабдықтарын және ағаш өнімдерін әкелген ГАЗель жүк автокөлігі тексерілді.
Көліктен бояу құйылған ыдысқа жасырылған 4 телефон, 5 қуаттағыш, ағаш ішіне кесіп салынған 3 телефон және бір қуаттағыш табылып, тәркіленді.
Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жинақталған іс-құжаттар бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін, Төле би АПБ-ға жолданған.