Шымкенттік әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болды
2021 жылдың 26 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» нөміріне жергілікті тұрғын арызданған. Онда әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтып жеткізген.
Аталған жайт бойынша Қаратау ауданы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Назым Аярбекова отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдің үйіне барып, психологиялық көмек көрсетті.
Тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарға байланысты ҚР-ның (Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы) заңына сәйкес, егер жәбірленуші әйел өзін қорғауға арыз жазатын болса, құқықбұзушыға қатысты нұсқама шығады. Яғни, ол адам профилактикалық есепке қойылады. Профилактикалық есепке қойылғаннан кейін, арыз түскен адамға 30 күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Оның үйіне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып тексеріп тұрады.
Профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Егер құқықбұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзатын болса, онда жәбірленушінің арызы бойынша ол жауапкершілікке тартылатын болады.