Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік алаяқ тұрғынды жарты миллион теңгесіз қалдырды

Шымкенттік алаяқ тұрғынды жарты миллион теңгесіз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 30 маусымында Қаратау АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс әйел мемлекет тарапынан берілетін үйді кезектен тыс алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 500 мың теңгесін алып кеткенін көрсеткен.

Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, басқармаға жеткізді. Ұсталған әйелдің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру