Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік оқушылар мен студенттер “Полициядағы бір күн” жобасына қатысты

ІІМ Алматы академиясының жобасы аясында мегаполистің белсенді жастары полицейлердің жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының оқушыларына бір күнді полиция ғимаратында өткізіп, криминалист, бейнебақылау инспекторы, кинолог, киберполицей және арнайы жасақтың жауынгері рөлдерінде болуға мүмкіндік туды.

Департаментке таңертең келген жастар қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан батырларды еске алып, обелискке гүл шоқтарын қойды. Әрі қарай балалар полиция мұражайына барып, өңірлік құқық қорғаушылардың тарихымен танысты.

Жастар полициядағы бір күндік қызметін департаменттің “жүрегі” – жедел басқару орталығынан бастады. Мұнда белсенділер қаланың өмірін сыртқы бейнекамералар арқылы бақылап, олардың қалай жұмыс істейтінін білді. Келесі полицейлік тәжірибені олар «Cyberрol» бөлімшесінде алды. Жедел уәкілдер онлайн-алаяқтарды әшкерелеу жолдарын көрсетіп, интернеттегі алдаудың негізгі схемаларымен туралы айтты.

Балалардың ерекше таң қалдырған кинологиялық орталықтың қызметтік иттері болды. Төртаяқты сақшыларды іс жүзінде көріп, оларды қызметке үйрету жолы мен арнайы іс-шараларға дайындау барысымен танысты.

Криминалистикалық зертханада болашақ полицейлер қылмысты саусақ іздері мен қылмыскер қалдырған басқа іздер арқылы қалай ашуға болатыны жайында ақпарат алды. Сондай-ақ балалар арнайы мақсаттағы және жылдам әрекет ететін жасақтардың сауыт-саймандарын киіп көріп, жауынгерлерден өзін-өзі қорғаудың кейбір әдістерін үйренді. Қызыққа толы күн жас тәртіп сақшыларына сертификаттар табыстаумен аяқталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, “Полициядағы бір күн” жобасы жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, полиция мен жастардың серіктестігін нығайту арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру