Шымкенттік оқушылар Полиция департаментінің мұражайын аралады
Шымкенттік оқушылар Полиция департаментінің мұражайын аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала аумағында 11-15 сәуір күндері аралығында «Мен және менің полицейім» атты имидждік акция өткізілуде.
Акцияның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ жеткіншектерді полиция жұмысымен таныстыру және оларға қауіпсіздік шараларын үйрету.
Іс-шара барысында ЖПҚБ Ювеналды полиция тобының қызметкерлері Шымкент қалалық жалпы орта мектептерінің 25 оқушысына Полиция департаментінің мұражайы мен жұмысына саяхат жасады.
Экскурсия жас буынға идеологиялық тәрбие беріп, ұлттық құндылықтарды айшықтап, еліне деген патриоттық сезімдерін арттырып, тарихи сананы қалыптастырып, мұражай мұраларын тамашалау және полиция қызметімен танысу мақсатында ұйымдастырылды.Осы ретте жастар мұражайдағы Ішкі істер органдарының қызметкерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен батырлары туралы мағлұматқа қанықты. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары Кинология бөлімін көрсетіп, қызметтік иттердің жұмысымен таныстырды және Жедел басқару орталығы мен Криминалистика саласына барып, жұмыс барысында қолданылатын құралдармен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.